ДАРЫНДЫЛАР ДАРАЛАНАТЫН БІЛІМ БӘСЕКЕСІ

455

0

ДАРЫНДЫЛАР ДАРАЛАНАТЫН БІЛІМ БӘСЕКЕСІ Н.Бекежанов атындағы облыстық драма театрда қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша республикалық олимпиаданың ашылу салтанаты болды. Білім бәсекесіне еліміздің барлық аймағынан  663 оқушы қатысуда. Салтанатты жиынды облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ашып, олимпиадада бақтарын сынағалы келген жас дарындарға ақ жол тіледі.
Облыс әкімі «ақыл-ойдың, білімнің бәсекесі алға шыққан бүгінгі заманда  жастардың білімі, біліктілігі мен дағдылары – барша ұлттың ең маңызды әрі қым­бат ресурсы» екенін атап өтті. Осы орайда білім беру саласына қатысты байламды пікір айтты.
Аймақ басшысы болашақта технологияларды құру және пайдалану, әлеуметтік белсенділік пен кәсіпкерлік, коммуникация мен дизайн, сондай-ақ, мектеп бағдарламасына кірмейтін ғылым салаларындағы дарындарды қолдау мақсатында жоғары білікті инженер мамандарды даярлауға, инно­вациялық технологиялар мен идеяларды әзірлеуге, тестілеуге және енгізуге бағытталған толыққанды технопарктер құру қажеттілігін атап өтті.
Олимпиада қатысушыларын ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева құттықтады.
Сыр өңіріндегі білім бәсекесіне қатысушыларға сәттілік тілеген вице-министр биыл «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының құрылғанына 20 жыл толғанын атап өтті. Талай түлектің арманына қанат байлаған орталық құру сол кезеңде Білім және ғылым министрлігін басқарған Қырымбек Көшербаевтың идеясы екендігін жеткізді.
25-29 наурыз аралығында қазақ, орыс және шет тілдері, құқық негіздері және Қазақстан тарихы бойынша олимпиаданың 2 кезеңі өтеді. Сондай-ақ, олимпиада қатысушылары Қармақшы ауданында орналасқан «Қорқыт ата» мемориалдық кешенінде өтетін жастар форумына қатысатын болады. Білім додасы 29 наурызда қорытындыланады.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ашылу салтанатында облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың сөйлеген  сөзінен
Қадірлі қонақтар!
Республикалық олимпиадаға
қатысушы жас дарындар!
Алашқа ана, талайға пана болған, ұлы ойшыл Қорқыт ата дүниеге келген, ежелгі шығыс өркениетінің орталығы, түркі мәдениетінің алтын көмбесі болған қасиетті Сыр жеріне қош келдіңіздер!
Сыр өңірі – адамзаттың Айға ұшар ар­маны орындалған өміршең өлке! Со­ның белгісі – Байқоңыр ғарыш алаңынан қаншама ұлт пен ұлыстың өкілі өз арманын орындап, Айға аяқ бас­ты, әлемдік зерттеулерге жол ашты. Олай болса, баршаны бауырына басып, досқа құшағын кең ашқан Сыр жеріне басқан қадамдарыңыз сәтті болсын дейміз!
Құрметті жас достар!
Білім – мемлекет дамуының алтын арқауы. Өсіп-өркендеудің, табысқа, жетістікке жетудің, дәулетті өмір сүрудің негізі де терең білімде жатыр. Сондықтан, жастарымыздың заманауи білім алуына қажетті мүмкіндіктің барлығы жасалған.
Ендігі мақсат – бәсекеге сай 30 өркениетті елдің қатарына ену.
Сондықтан, ғарыштық жылдам­дықпен дамыған заман талабына сай болу, жаңаға бейімделу, шапшаң қи­мылдап, қырағы болуға үйрену. Сол үшін сіздерге заманауи технологияларды меңгеру аса қажет.
Қазірдің өзінде цифрлық технологиялар, биоинженерия және роботтандыру саласының мамандары сұраныста.
Алдағы 10-15 жыл ішінде жа­санды интеллект пен автомат­тан­дыру технологиялары өмі­рі­міздің ажырамас бөлігіне айналады.
Әрине, жаһандану жағ­дайында шет тілдерін білудің маңызы өте зор. Бірнеше тіл білу өзге жұрттың менталитеті мен мәдениетін түсінуге жол ашып, жоғары білім алу және жұмысқа орналасу барысында таңдау жасау аясын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Сол себепті, сіздер жан-жақ­ты білімді болуды, заманауи техно­логиялардың қыр-сырын еркін мең­геруді алға мақсат етіп, соған қол жеткізіп, тәуелсіз елімізді өркендетуге үлес қосасыздар деп сенемін!
Уважаемые участники
Олимпиады!
Человеческий капитал – это основной ресурс любого государства. Человек, его образование и навыки – ключевой драйвер экономического роста и всех благ!
Ведь очевидно, что чем больше мы, например, инвестируем в недра, тем меньше становятся их запасы. Но, чем больше инвестиций вкладываем в человеческие ресурсы, тем они становятся ценнее.
Очевидно, что знания, умения и навыки молодых людей самый важный и дорогой ресурс любой нации!
Мы должны серьезно поднять качество образования, подготовку высококвалифицированных специалистов. Сегодня ра­ботники образования облас­ти должны добиться такого поло­же­ния, чтобы не менее 50% выпус­кников школ поступили в вузы.
Так, начиная с 2014 года, мы направляем выпускников своих школ в лучшие инженерные вузы Москвы и Санкт-Петербурга (468 студентов).
Первые выпускники из них с прошлого года уже работают, а также обу­чаются в магистратуре.
Мы ежегодно  направляем на обу­чение особенно детей из малообес­печенных и многодетных примущественно из сельских семей в ведущие вузы страны по гранту акима области на те специальности, которые востребованы у нас согласно баланса трудовых ресурсов.
В этом году, число ежегодных грантов увеличено в 2 раза – со 100 до 205.  Таким образом, на сегодняшний день их обладателями стали уже почти 900 человек.
К слову, с текущего года половину этих грантов составляют  IT – спе­циальности, особенно программисты.
Вот уже второй год подряд 97% всех выпускников кызылординских школ поступают в вузы и колледжи, 58% из них стали обладателями государственных грантов.
Мы гордимся этими показателями!
Теперь же наша задача – до­биться обучения нашей мо­ло­дежи в университетах «Лиги плюща» (Гарвардский, Колум­бийский, Иельский, Массачусет­ский и другие университеты). Если не ставить перед собой амбициозных задач, невозможно достигнуть вообще никаких !
Для поддержки талантов в сферах создания и использования новых технологий, социальной активности и предпринимательства, коммуникаций и дизайна, а также наук, не входящих в школьную программу мы изучаем опыт России по созданию «Кванториумов» и «Сириусов».
У нас в регионе работают 46 инновационных школ,   включающие в учебный процесс STEM-элементы, научные инновации, математическое моделирование, робототехнику.
Например, изучив российский опыт, мы  хотим создать полноценные технопарки, нацеленные на подготовку высококвалифицированных инженерных кадров, разработку, тестирование и внедрение инновационных технологий и идей.
Вызовы нового ХХІ века ставять перед нами поистине неизведанные задачи, заставляют нас конкурировать с икусственным интеллектом, определять новые сферы поиска и деятельности.
Құрметті жас достар!
Қай сала болмасын жетекші болу үшін сіздерге инновациялық ойлау жүйесін қалыптастыру мен заман талабына тез бейімделе білуге үйрену керек. Бүгінде әлемге әйгілі ірі компаниялардың негізін кезінде ізденімпаз жастар қалағанын жақсы білесіздер. «Фейсбукті» Марк Цукерберг – 19, «Майкрософты» Билл Гейтс – 20, «Apple» компаниясын Стив Джобс 21 жастарында құрған.
Неміс философы Зиммельдің айтуынша, «Білімді адам – ол өзі білмейтінді қайдан табуға болатынын білетін адам».
Ал, халқымыздың «Ақыл – жастан, асыл – тастан» деген дана сөзі бекер айтылмаған. Біздің жастарымыздың бойында, әрине, мұндай қабілет бар. Алланың бұйырымы, текті әкенің қаны мен тілекші анаңның ақ сүті берген қабілетті қоғамға жанашыр қасиетке айналдыру сіздерге байланысты. Тек еңбек пен ізденіс қажет!
Мен сіздерді сонымен бірге, интернет алмастыра алмайтын спортпен, өнермен айналысуға, шет тілдерді үйренуге, отандық және әлемдік әдебиеттің терең мұраларын танып-білуге, сегіз қырлы және бір сырлы азамат болуға шақырамын.
Өйткені, тәуелсіз еліміздің болашағы – қадірлі жастар, сіздердің қолдарыңызда!
Сіздердің араларыңызда Абай Құнанбайұлындай ақын-философтар, Қаныш Сәтбаевтай кең ауқымды, ғұлама ғалымдар, Мұхтар Әуезовтей ұлы ойшыл-жазушылар, замандас Билл Гейтс пен Илон Маск секілді инноваторлар жүруі әбден мүмкін.
Сіздерге осы жолда тек  сәттілік пен жаңа  жеңістер тілейміз!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<