Финал алдындағы кездесу

301

0

Кеше облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов ­«Қайсар» футбол командасының ойыншыларымен кездесті. Футболшылар осы жексенбіде ­Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана-­Арена» стадионында атыраулықтармен ­Қазақстан Кубогын сарапқа салады. Маңызды матч алдында аймақ басшысы спортшыларға сәттілік тіледі.

– Футбол – әлемдегі бірінші ойын. Кубок үшін тартыста финалға шығу – үлкен жетістік. Сіздерден осы ойында да жеңіс күтеміз. Атыраулықтар «Қайсардың» қандай ойын көрсетерін тап басып айту қиын. Төтеннен соққы жасайтын мықты команда» деген көзқараста екен. Сондықтан командалық рухты жоғары ұстап, шеберлік көрсетіңіздер. Бұл ойын осы жылдың басты спорт жаңалығы болсын, – деді облыс әкімі.

Кездесуде «Қайсар» фут­бол клубының бас бапкері Стойчо Младенов сөз алып, аймақ басшысына алғысын білдірді.

– Айтулы сәтте бізбен бірге болғаныңыз – зор мәртебе. Қолдауларыңыз үшін алғыс білдіреміз. Ойын­­шылар сақадай сай. Дайын­дығымыз да жоғары деңгейде. Жеңісті күндерде жолығатынымызға сенеміз, – деді ол.

Шарада спортшылар облыс әкіміне 12-ойыншы жейдесін табыстады. Айта кетейік, «Қайсар» Қазақстан Кубогының финалында осы­дан 20 жыл бұрын ойнаған.

Дәулет ҚЫРДАН.

Суретті түсірген

Нұрболат НҰРЖАУБАЙ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<