ХАЛЫҚТЫҢ КӨКЕЙІНДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕР

498

0

«Нұр Отан» партиясы өзінің 20 жылдық тарихында тәуелсіздік жылдарындағы елдік істердің барлығына өз үлесін қосып келеді. Партия көшбасшысының бастамаларына әрқашан қолдау білдіріп, қазақстандықтарды ортақ мұрат жолында біріктіруде. Іргелі саяси ұйымның мерейтойына арналған тарихи съезд тек саяси ұйымның ғана емес, еліміздің одан əрі жаңғыруына серпіліс берері анық.

«Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде Президент көтерген әлеуметтік бастамалар осыған дейін жүрігізіліп келген әлеуметтік саясаттың жалғасы іспетті.  Оған қоса халықты толғандырған мәселелер  басты назарға алынған. Халықты жұмыспен қамту, тұрмысы төмен отбасыларды қолдау, тұрғын үй салу мен жергілікті жолдарды жөндеу, медициналық көмек көрсету, ауылдарды, шағын қалаларды дамыту сияқты мәселелерді шешу үшін бөлінген қаржының көлемі өте ауқымды. Ең бастысы – мұның барлығы халықтың көкейінде жүрген өзекті түйткілдер еді.

Тәуелсіздік жылдарында жемісті жүзеге асқан мемлекеттік бағдарламалардың игілігін бүкіл халық көріп келеді. Елбасының индустрия, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, денсаулық сақтау, білім және тағы басқа салалар бойынша мемлекеттік бағдарламаларға қыруар қаржы бөлінгенін атап өтті. Сонымен бірге «Нұр Отан» партиясы мен Президент Әкімшілігіне мемлекеттік бағдарламалар мен реформалардың тиімділігін бағалайтын орталықты құруды тапсырды. Бұл әлеуметтік-экономикалық бастамаларға бөлінген қаржының бақылауда болатынын білдіреді.

Елбасының «…кез келген қиындық жаңа өзгерістермен келіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Ең бастысы, дамудың дұрыс бағытын таңдап, қоғамды алға қойған мақсаттарға жұмылдыру керек. Заманауи әлемнің негізгі трендтерін ескеру қажет. Бүгінде мемлекеттер арасындағы бәсеке жекелеген адамдардың бәсекесіне пара-пар. Кез келген экономикалық жетістіктер мен геосаяси жеңістер әрбір адамның әл-ауқатын жақсартуға ықпал етпесе, еш маңызы болмайды. Мұнда ХХІ ғасырдағы мемлекеттердің тұрақты дамуының сыры жатыр», деген сөзі бізді алға жетелейді, жігерлендіреді.

Талғат ТІЛЕС, 

«Жас Отан» Жастар қанаты ҚОФ төрағасы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<