Индира Ақжігітова басқарма басшысы қызметінен босатылды

300

0

Индира Ақжігітова басқа лауазымға ауысуына байланысты Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасының басшысы қызметінен босатылды.

Индира Сансызбайқызы еңбек жолын 1995 жылы Қызылорда политехникалық институтының физика және электротехника кафедрасының ассистенті ретінде бастаған.

 1997-2007 жылдары облыстық дарынды балалар мектеп-интернаты директорының орынбасары, облыстық білім берудің жаңа технологиялар орталығының директоры, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының программисті болды.

2007-2019 жылдары облыс әкімі аппаратының электронды әкімдікті дамыту және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімінің басшысы, аппарат басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2019 жылдың қаңтар айынан бастап осы кезге дейін облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы қызметін абыроймен атқарып келді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<