Көпбалалы аналардың қуанышы

292

0

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың көпбалалы отбасылардың жәрдемақысын арттыруды тапсырғанын әлеуметтік желілер мен сайттардан оқып қуандық.  

Елбасы:

– Үкіметке әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарды, әсіресе, көпбалалы отбасыларды қолдау шараларын кеңейтуді тапсырамын. Аталған көрсеткішті күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін жеткізуіміз керек. Ал атаулы көмек алып отырған көпбалалы отбасылардың әрбір баласына берілетін жәрдемақыны 21 мың теңгеге дейін өсіруді тапсырамын. Аталған көмекті барынша жеңілдету керек. Халық ары-бері шапқылап жүрмесін. Сосын ондай отбасылардың табысын есептегенде басқа әлеуметтік жәрдемақыларды санауды алып тастау қажет. Әйтпесе, соның бәрін санағанда көпбалалы отбасылар бай азаматтар болып шыға келеді», –  деді.

Шынымен де табыс есептеу кезіндегі келеңсіздіктер көптеген отбасыларды мемлекеттің қамқорлығынан құр қалдырып келген еді. Енді көпбалалы аналар балаларының болашағы үшін уайымдамайды деп ойлаймын.

 

Ләйлә ТЛЕУКЕЕВА,

көп балалы ана, 

Қызылорда қаласының тұрғыны.

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<