Мемлекеттік сатып алудың жаңа моделі іске қосылады

306

0

2020 жылдан бастап Қаржы министрлігінің жаңа моделіне сәйкес, барлық мемлекеттік сатып алулар облыстық, қала, аудандық бірыңғай ұйымдастырушылармен жүргізілетін болады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Жанзира Ерсейітова баяндады.

«Пилоттық жобаға Нұр-Сұлтан қаласы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Қызылорда облыстары қатысады. Бүгіннен бастап осы жобаның жұмыс комиссиясы өз қызметін бастады. Биыл облыста тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға 1693 конкурс жарияланды. Бүгінде оның 1469-ы аяқталды. Қалған сатып алулардың белгіленген мерзімде жүргізілуі біздің бақылауымызда», – деді Жанзира Ерсейітова.

Сондай-ақ, салаға қатысты кез келген ақпаратты Мемлекеттік сатып алу басқармасының парақшасына білуге болатынын ескертеміз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<