МЕРЕКЕДЕ ЖАҢА НЫСАН

430

0

Мереке қарсаңында Тасбөгет кентінде тағы бір әлеуметтік нысан ашылды. «Нұр орда» балабақшасының ашылу салтанатына облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты. Қажетті құралдармен жабдықталған 140 орындық балабақшаның құрылыс жұмыстарын «Интегрострой» ЖШС жүргізген.

Аймақ басшысы кент тұр­ғындарын Тәуелсіздік күні ме­рекесімен және бала­бақ­шаның ашылуымен құттықтады.

– Қызылорда қаласында бүгінгі күні 237 мектепке дейінгі білім беру ұйымы бар. Оның ішінде мемлекеттік балабақша саны – 205. 2015 жылы 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз етуді мерзімінен бұрын 100 процентке орын­дадық. Мемлекеттік-жеке­мен­шік әріптестікті дамыту­дың арқасында осындай же­­тістікке жеттік. Бүгінгі күні балабақшалардың 71,2 про­центі МЖӘ негізінде жұмыс іс­теп тұр, – деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ, тұрғындарды Тасбөгет кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Рамазан Молдашев та құттықтады.

«Нұр орда» балабақша­сы­ның меңгерушісі Эльмира Тәкен бөбекжайда кент­­тің барлық балалары қам­­­тылатынын айтты. Бала­бақ­ша­ның бір ерекшелігі – 1-2 жас­тағы сәбилерге арналған екі топ ашылып, оған 20 бала қа­былданады. Одан бөлек ор­тан­шы және жоғары жастағы ба­ла­ларға арналған 5 топ ашылмақ.

Шынар БЕКБАН

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<