Мөлдір Жаңбырбай Олимпиада лицензиясы үшін жарысқа қатысады

1375

0

Жақында ғана Лиссабонда (Португалия) каратэден өткен рейтингілік Премьер-лига турнирінде жерлесіміз Мөлдір Жаңбырбай күміс жүлдені иеленген болатын.


Қазіргі таңда М.Жаңбырбай Токио Олимпиадасы қарсаңындағы лицензиялық турнир алдындағы Алматы қаласында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынына қатысуда.


Айта кетелік, Сыр спортшысы 11 -13 маусым аралығында Париж қаласындағы (Франция) соңғы лицензиялық жарыста бағын сынайтын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<