Өнер ұжымы Өзбекстанға барады

300

0

Сырбойылық өнерпаздар алдағы аптада Өзбекстанға сапарлатпақ. Бірнеше шығармашылық ұжымның гастрольдік туры осы елдегі Қазақстан жылы аясында ұйымдастырылып отыр. Олардың қатарында Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрі, «Томирис» би ансамблі, облыстық филармонияның әнші-жыршылары – барлығы 80-ге жуық адам бар.

– Өнер шеберлерінің кон­­­церті 14 тамыз күні Науаи қаласындағы «Фархад» мәдениет үйінде өтеді. Гастрольдік сапар Күн­сұлу Түрікпен, Марат Сү­гірбай, Әділ­хан Қуаңбай, Нұртілек Ақтаев, Амандық Жаппар­бердиев, Бейсенбек Төлеубай секілді дәстүрлі орын­дау­шы­лардың этноэкспедициясымен жалғасады. Олар 15, 16, 17 тамыз күндері қазақтар көп шоғырланған Кенимех, Там­ды және Үшқұдық елді мекендерінде болып, қан­­дас­тарымызды жырмен су­сын­датпақ, – дейді облыстық филармония директоры Талғат Мақашов.

Жергілікті шығармашылық ұжым Өзбекстанның астанасы мен оған жақын өңір­лерде бұған дейін де бірнеше рет болған. Ал бұл жолы шалғай елді мекендерге қазақ диаспораларының ша­қы­руы­мен барғалы отыр. Өнер­паздардың кәсіби дең­гейінің жоғарылауына, тә­жіри­бе алмасуына мүмкіндік бе­ретін мұндай гастрольдік са­пар­лар географиясы соңғы жыл­дары кеңейе түскені рас. Былтырдың өзінде Ресей, Ұлыбритания, Түркия, Бірік­кен Араб Әмірліктерінде ән мен жырдан шашу шашып, көрермен көзайымына айналып үлгерді. Филармония басшысы өнердің өрістеп, рухани керуен көшінің алға жылжуында аймақ басшылығының қолдауы айрықша екенін атап өтті.

Назерке САНИЯЗОВА.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<