Нұрсұлтан Назарбаевқа «Халық қаһарманы» атағы берілді

439

0

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа «Халық Қаһарманы» атағын берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Тоқаев Парламент палаталарының жалпы отырысында Назарбаевқа «Алтын жұлдыз» орденін табыстады.
Бүгін, 20 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президентіболды. Ант беру рәсімі Мәжіліс ғимаратында Қазақстан Парламенті палаталарының жалпы отырысы барысында өтіп жатыр.  
«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Конституция мен Қазақстан Республикасының заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқығы мен бостандығына кепіл беруге, Қазақстан Республикасының Президенті ретінде жүктелген міндеттерді адал атқаруға салтанатты түрде ант беремін», – деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<