Облыстық «Кызылординские вести» газетінің бас редакторы тағайындалды

450

0

Облыстық «Кызылординские вести» газетінің бас редакторының міндетін атқарушы болып бұған дейін осы басылымның бөлім меңгерушісі қызметін атқарған белгілі журналист Қазыбек Ботаев тағайындалды.

Ботаев Қазбек Камалұлы 1957 жылы 15 желтоқсанда Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген. 1975 жылы «Авангард» колхозындағы №49 орта мектепті тәмамдаған. 1976-1978 жылдары аралығында Кеңес Армиясы қатарында азаматтық борышын өтеді. ҚазҰУ-дың филология факультетінің түлегі.

Еңбек жолын 1984 жылы Қызылорда қаласындағы №235 орта мектепте орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған. 1994-1998 жылдары облыстық радионың орыс редакциясында редактор, аға редактор қызметін атқарады. 1998-1999 жылдары облыстық Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бас маманы, 1998-2011 жылдары облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасында  редактор, ақпараттық қызметтің бас редакторы және жаңалықтар бөлімінің редакторы қызметтерін атқарды.

Соңғы 8 жылдан бері «Кызылординские вести» газетінде еңбек етті. Бүгінге дейін  облыстық басылымның «Қоғам» бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарып келді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<