Орта өнім – 57,3 центнерден

271

0

 Егін жинау жұмысы Жалағаш ауданында да қарқын алды. Бүгінгі күнге  егілген 21800 гектар күріштің 10522 гектары орылып, 7945 гектары бастырылып, орташа өнім гектарына 57,3 центнерден айналуда.
Бұқарбай батыр ауылдық округіндегі «Байтабын» ЖШС-да егілген 787 гектар күріш толық орылып, 760 гектары бастырылып, орташа өнім 71 центнерден алынуда. Сонымен қатар «Ер-Әлі», «Құрманбай Ата» шаруа қожалықтарында орташа өнім 75 центнерден, «Еңбек Жер» ЖШС-да 68 центнерден, «Таң ЛТД», «Манақ баба» шаруашылық құрылымдарында 60 центнерден өнім түсуде.
Айта кетелік, аудан бойынша егілген 21800 гектар күріштің 19063 гектары «Лидер», 2411 гектары «Янтарь», 298 гектары «Фаворит», 28 гектары «Сыр сұлуы» сорты.
Сонымен қатар ауданда 306 гектар жаздық бидай, 50 гектар арпа, 2210 гектар мақсары дақылдары толық жиналып, гектарына жаздық бидайдан – 11,1, арпадан – 6,5, мақсарыдан 6,7 центнер өнім алынды.
Ауданда күріш жинау жалғасуда.

«СБ» ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<