Сағынтаев Үкімет мүшелеріне атқарылған жұмыс үшін алғыс айтты

268

0

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кезектен тыс отырысында Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкіметтің отставкаға кетуі туралы хабарлады. Бұл туралы primeminister.kz сайтында жария етілді, деп   хабарлайды ҚазАқпарат.

Б. Сағынтаев Президент алға қойған міндеттерді іске асырудағы үйлесімді атқарылған жұмыс үшін Үкімет мүшелеріне алғыс айтып, барлығына табыс тіледі.

Еске сала кетсек, бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеме жасап, Үкіметтің отставкаға кету керектігін атап өткен болатын.

Кейін Елбасы ҚР Үкіметінің отставкасы жөніндегі Жарлыққа қол қойып, Премьер-Министрдің міндетін уақытша атқаруды Асқар Маминге жүктеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<