СУПЕР КУБОК – «АРАЛ-АС»-та

997

0

  «Арал-АС»-тың асығы тағы да алшысынан түсті. Жуырда Астанада өткен  «Көңілді тапқырлар алаңы» жобасында Супер кубок аралдық құрамаға бұйырды.
Бұл жолы «Арал-АС» актер Тұр­сынбек Қабатов же­текшілік ететін КТА ойынында аты­раулық «Сағыз» құра­масынан ­басым болды. Олар бұ­ған дейін 2016-2017 жылдардың же­ңім­пазы ретінде «Назар аудар» командасымен ойнап, ку­бок қарсыластың ен­­ші­сінде кеткен еді. Биыл екінші мәрте шығып, 2018 жылғы чемпион «Сағыз» құра­ма­сына қарағанда ұтымды ой, әдемі әзілімен сан жанарды жаулап алды.
Бүгінде «Арал-АС» ата­уы­ның өзі танымал. Бренд десе де болатындай. Он екі жыл бұрын ойы ұтқыр, тілі өткір бозбалалардың басын бірік­тір­ген команда са­йыс­тарда бас бәйгені бермей келеді. Ай­талық, осыған дейін «Сыр елі» лигасының жеңім­пазы, рес­пуб­ликалық «Жай­­дарман» ойы­ны­ның, КТА-ның ал­ғашқы чемпионы атанған. Қы­зыл­орда, Шығыс Қазақстан облыс­тары мен Астана, Өске­мен, Екібастұз қалалары әкім­де­рінің арнайы ку­бок­тарын жеңіп ал­ған. Команданың бар­лық мүшесі «Үздік ойыншы» номи­нациясының иегері.
Жуырда ­команда же­текшісі Төребек Дәрма­ған­бетов бұл КТА-дағы соңғы ойын екенін хабар­лады. Себебі, құрама мү­шелерінің өз жұмысы бар. Ғалым Махамбетов, Ақылбек Скендіров, Данияр Бекжанов отандық телеарна мен әзіл театр­ларында бой көрсетіп жүрсе, Төребектің өзі Арал аудандық оқушылар үйінің әдіскері. Иә, олардың өнерге шындап бет бұрғаны орынды сынды, себебі қисынды қағытпа қалжың, ойнақы да орнықты әзілімен көрерменге ой салған аралдық әзілкештер бұған дейін өз мақсат­тарын елдің жақсы баға­сымен қорытындылады.
Айдана ЖҰМАДИНОВА.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<