Тұрмағамбеттегі сүт өңдеу цехының жұмыс барысымен танысты

356

0

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қамбарбек Мүбараков Қармақшы ауданында жұмыс сапарымен болып, Дауылкөл ауылдық округіндегі сүт өңдеу цехының жұмыс барысымен танысты.

Сапар барысында аудан әкімі Қалдарбеков Мұса Оспанұлы бірге болып, қазіргі таңда атқарылған шаруалармен таныстырды.

Үстіміздегі жылы  «Тұрмағамбет» ЖШС қолдауымен ашылған сүт өнімдерін шығарумен айналысатын цех жергілікті шаруалардан сүт алып оны қайта өңдеп, айраннан бастап қаймақ, сүзбе мен өзге де сүт өнімдерін шығарумен айналысады.

Жаңа өндіріспен шұғылдануды ниет еткен шаруа қожалық жетекшісі ауданды ғана емес, өңірімізді сапалы сүт өнімдерімен қамтуды көздеп отыр.

– Сүт өңдеу цехының ашылуынан ауданымыз үшін тек игілік күтеміз. Себебі, сүттің өзін ғана сатқаннан, оны өңдеп сату тиімді болып отыр. Өнім түрі молаяды, ең бастысы, жаңа жұмыс орындары ашылады, аудан бюджетіне  салық түседі, – дейді шарушылық басшысы Н.Пірмантаев

Ауылдық округтің қазіргі таңда әлеуметтік – экономикалық дамуында игі дәстүрлер жалғасын тауып келеді.

Шағын және орта кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы салаларында тұрақты даму бар.

Мемлекеттік бағдарламаларды ұтымды пайдаланудың нәтижесінде елді мекенде жеке кәсібін ашқан азаматтардың қатары артып, жұмыссыздық деңгейі төмендеген.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<