
75 келі салмақта ел намысын қорғаған Құлахмет жартылай финалда филиппиндік Эумир Марсиальмен жұдырықтасып, 5:0 есебімен ұтылды. Тұрсынбай Құлахмет өткен жылы Жазғы Азия ойындарынаалғаш рет қатысып, чемпион атанған болатын. Міне, әлемдік додаға да бірінші рет қатысып, қола медальға қол жеткізді. Бұл – бокстан әлем чемпионатындағы екінші қола медаль. Осыған дейін 52 келі салмақта тағы бір отандасымыз Сәкен Бибосынов ел қоржынына алғашқы жүлдені салған болатын.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<