ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЕМІСІ

323

0

А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын болып өтті. Барша қала тұрғындарын мерекемен құттықтаған қала әкімі Н.Нәлібаев Сыр елінің бас шаһарында жүзеге асқан жобалар мен жыл ішінде қол жеткізген жетістіктерге тоқталды.
Бүгінде қос ғасырлық тарихы бар қала қанатын кеңге жайып, жылдан жылға дамып келеді. Қалалықтардың өмір сүру сапасын жақсартуда шаһардың инфрақұрылымын жақсарту, кәсіппен айна­лысуға жағдай жасау және басқа да қажеттіліктермен қамтамасыз ету басты назарда тұр. Мәселен, биыл ауыз су жүйелерін жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Ха­лықты баспанамен қамту міндеті де мүлтіксіз орындалуда, қазір қала тұрғын үй құрылысының қарқыны жағынан өзге облыс орталық­тарынан алда тұр.
Сырдарияның сол жаға­лауына салына бастаған жаңа қаланың алғашқы ғимараттары да пайдалануға берілді. Қалаға қарасты бірнеше елді мекендер көгіл­дір отынға қол жеткізді.
Осы мазмұндағы және бір­қатар жетістіктерді тілге тиек еткен қала әкімі мұның барлығы да тәуелсіздіктің, Ел­ба­сының сындарлы саяса­тының жемісі екендігін атап айтты.
Салтанатты жиында қала­ның дамуына еңбегімен үлес қосқан бірқатар сала арда­герлері мен мамандар, еңбек адамдары марапатталды.
Гүлмира ДІЛДӘБЕКОВА

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<