Бүгін Тұңғыш Президент саябағында 1800 адамның қатысуымен «Нұр-Сұлтан қаласы – болашақтың қаласы» атты ағаш отырғызу акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараға Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты.
Акция барысында 700 терек, тал, үйеңкі – барлығы 2100 ағаш отырғызылды.
Айта кетейік, кеше Қазақстан Республикасы астанасына жаңа атау берілуіне орай Қызылордада «Алғашқы астанадан сәлем!» атты аймақ белсенділері мен зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен концерт-акция өтті.