Ван Даммның ұлы әзербайжандық қызға үйленді

775

0

Голливудтық актер Жан-Клод Ван Даммның 34 жастағы ұлы Кристофер Ван Варенберг 21 жастағы әзербайжандық пианиношы Суада Гаджизадеге үйленді , – деп хабарлайды Тengrinews.kz ақпарат агенттігі Trend Life сайтына сілтеме жасап.


Жастардың жеке өмірі туралы көп ақпарат жоқ. Екі жас тек некесін тіркеткен. Салтанатты кеш Әзербайжанның Түркиядағы елшілігінде болған. Сонымен қатар, Желіде 60 жастағы Ванн Даммның келінімен билеп жатқан видеосы тарады.


Суада Гаджизаде – халықаралық конкурстардың лауреаты. Бакуда туған. Балалар филармониясы ансамблінде өнер көрсеткен. Кристофер Ван Варенберг Лос-Анджелесте туған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<