Қызылордада биыл өрт салдарынан 4 адам көз жұмған

271

0

Қызылорда облысында өрт салдарынан жыл басынан бері 4 адам қаза болды. Биыл 66 өрт оқиғасы болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өрттің 38-і тұрғын үй секторында болды. Ол жалпы өрт оқиғасының 57 пайызын құрайды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, адамдардың қаза болу себептерінің 75 пайызы улы газбен уланумен байланысты болып отыр.
«Мұндай жағдайлардың болу себептеріне үңілсек, көп жағдайда қайғылы жағда мұржадағы ақау, пеш салу және пеш қондыру кезіндегі ережелердің бұзылуынан болып жатады. Мәселен, жыл басынан бері 8 көмірқышқыл газынан улану оқиғасы тіркелді. Сондай-ақ, газдан улану оқиғалары да кездесіп, одан 2 адам зиян шекті», – деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы Айгүл Нұрманова.
Қазіргі таңда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары осы бағытта түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<