ЖАҢА БАСТАМАЛАР АЙҚЫНДАЛАДЫ

293

0

  «Нұр Отан» партиясының кезекті съезінде 2030 жылға дейінгі жаңа бағдарлама талқыланып, партия Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізілмек.  Бұл 20 жылдық аясындағы басты шара болары сөзсіз. 

Сонымен қатар, басқосуда «Жастар жылына» орай қолға алынған бастамалар да сөз етіледі деген ойдамын. Себебі, жыл сайын қатары толыға түсетін қоғамдық ұйым ел еңсесін көтеріп, әлеуметтік мәселелердің шешілуіне ұйытқы болуда. 

Партия мүшесі ретінде өзімнің ел алдындағы адалдық, бірлік, ізгілік сынды азаматтық позициямды ұстана отырып, алда жүзеге асатын тың дүниелерді толық қолдайтынымды айтқым келеді.


Қанат БОТЖАНОВ, 

съезд делегаты, 

облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ директорының орынбасары.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<