Жаңа оқу жылында кімдер қашықтан оқиды? Министр жауабы

746

0

Ата-анасы коронавирус жұқтырған немесе науқастармен байланыста болған балалар оқу орнына бара алмайды. Олар үшін қашықтан оқыту ұйымдастырылады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Instagram-дағы тікелей эфирде мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Егер бала өзі немесе ата-анасы вирус жұқтырғаны анықталса, ол ғимаратқа кіргізілмейді. Әрине, оның оқуын жалғастыруды ұйымдастыру керек.

Біз үшін басқа балаларды қауіптен қорғау маңызды. Егер студент немесе оның ата-анасы ауырып қалса немесе вирус жұқтырған адаммен байланыста болса, біз студент немесе оқушы вирус жұқтырмағанына кепілдік бере алмаймыз. Клиникалық көріністер болмаса да. Бұл жағдайда шешім өте дұрыс деп ойлаймын», – деді министр журналистің сұрақтарына жауап бере отырып.

Бұл ретте ол шектеу уақытша болатынын түсіндірді. Ashyq қосымшасындағы мәртебе өзгергеннен кейін мұндай студенттер мектепке немесе университетке оралады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<