ЖИЫРМА ЖЫЛДЫҢ ЖЕМІСІ

365

0

Биыл еліміздегі үлкен сая­си күшке ие «Нұр Отан» партиясының құрылғанына 20 жыл толады.
 Осы уақытқа дейін «Нұр Отан» елдің болашағына бағыт­талған көптеген бағдар­ла­маларды жүзеге асырды. Бұл маңызды құжат­тар­дың барлығы партияның съез­дерінде қабыл­данатыны баршаға мәлім.
Мен соңғы он жылда пар­тияның кезекті және ке­­зек­тен тыс өткен съез­дері­не Шиелі ау­данынан де­ле­­гат ретінде қатысып,  маңыз­ды бағ­дарламалардың қабыл­да­нуы­ның куәсі болдым.  Биыл 27 ақпанда өтетін партияның кезекті XVIII съезіне де делегат ретінде сайландым, бұл – мен үшін үлкен мәртебе.
Биылғы съезде партияның 2030 жылға дейінгі жаңа бағдарламасын талқылау, партия Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу және  Сая­си кеңес құрамын жаңарту жоспарлануда. Аталған съез­дің пар­тиямыздың 20 жыл­дығы аясындағы басты іс-шара боларына және алдағы жылдардағы мақсат-міндеттерді анықтап, саяси ұйымның одан әрі жаң­ғыруына тың серпін береді деген сенімдемін.

Патима  МАХАНБЕТ,
«Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалы төрағасының
бірінші орынбасары.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<