Асқар ақын

1375

0

Сырдың бойындағы Тереңөзек ауданында 1905 жылы дүниеге келген Асқар Тоқмағамбетовке қазақ әдебиетінің алыптарымен бірге қанаттаса жүру бақыты бұйырған. Алғашқы білімді ауыл молдасынан алған Асқар 1924-1925 жылдары Ташкенттегі политехникумда оқиды. Қызылорда астана атанған 1925 жылдың көктемінде Асқар Тоқмағамбетов Тереңөзектен келіп, «Еңбекші қазақ» газетіндегі Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Сәбит Мұқанов, Сәкен Сейфуллинмен араласып, қайраткер, қаламгер ағаларынан тәлім алып, қаламын ұштаған.

Ол 1932 жылы Мәскеу полиграфия институтын бітіріп, «Ленин жолы», (1933-1934), «Қазақ әдебиеті» (1934-1935), «Социалистік Қа­зақстан» (1937-1944) га­зет­­тері мен «Ара» журна­лын­да қызмет істеді. Кейін­гі жылдары Қа­зақстан Жазу­шылар одағының Шымкент, Қы­зылорда облыс­тары бо­йынша жауапты хат­шысы қызметін атқарды.

Тарих тереңінде талай де­­­ректер жатыр. Мәселен, Асқар Тоқмағамбетовтің қа­зақ баспасөзі тарихында ор­ны бар «Сыр бойы» газеті­нің алғашқы но­меріне сү­йін­­шілеп жыр ар­наған ақын. Бұл өлең газет шығардан бір жыл бұ­рын, яғ­ни 1928 жы­лы жа­зылыпты. Облыстық ба­­сылым 1929 жылдың 1 шіл­десі күні дәл бүгінгідей «Сыр бойы» атауымен жарық көргені оқырман қауымға мә­лім. Әріп­тесіміз Биболат Сәт­жан ба­сылымның 90 жыл­дығы қарсаңында ақынның қызы әрі мұрасын көзінің қара­шығындай сақтаушы пер­зенті, ұлағатты ұстаз Аякөз Асқарқызына жолығып, қол­жазбалармен, құнды құ­жат­тар­мен танысқан болатын. Сарғайған парақтардың ара­сын­дағы «Сыр бойы» газетінің алғашқы саны шыққанда жаз­ған өлеңінің қолжазбасын су­ретке түсіріп алыпты.

«Сыр бойында» сызылмақ, «Үлгілі істің үлгісі» деп ба­сылымның алғашқы қадамын сүйіншілеген шығарма 1928 жылдың 22 маусымында жа­зылған екен. Екінші бір құжат – 1929 жылдың 12 қазанында берілген, «Сыр бойы» газе­тінің жауапты редактор мен хатшы Байдулиннің қолы қо­йылған, ақынның Қармақ­шы ауданына іссапар куәлігі. Бұл құжаттар ақынның М.Го­рь­кий­дің қолынан алған Бүкіл­одақтық Жазушылар одағына мүшелік билеті, өзге өлеңдері және хаттарымен бірге сақ­талып келген.

Ақынның алғашқы сатира­лық өлеңдер жинағы «Күлкі – сықақ» 1929 жылдары ба­сылды. Ал оның қазақ әде­биетінде алар орны, ақын­дық ерекшелігі туралы алғаш­қы мәлімет 1942 жылы Е.Ис­майы­лов редакциясымен ба­сы­лып шыққан оқулықта бе­­­рілген. Одан соң бірне­ше мақала соғыстан кейін­гі ке­зеңде жазылды. Осы ретте Ғ.Мүсірепов С.Мұқанов, А.Нұрқатов, Ә.Тәжі­баев ма­қа­лаларын атауға бола­ды. Қарымды қалам­гер­лер мақа­лада ақын шығарма­сының өмірмен тығыз байла­нысы, ли­рикасы мен сати­расын айрықша атап көрсетеді. Сонау 20-жыл­дар­­дың ортасынан бас­тап қа­­лам ұстаған ақын өзіндік өзге­шелігі зор ақын, көптеген поэ­зиялық шығармалардың ав­торы болды. Ақын 1947 жыл­дан бастап мысал жанрымен айналыса бастады. Содан бері «Шырмауық пен алма ағаш», «Мысық пен шыбын», «Әупілдек пен күмпілдек», «Тоқылдақ пен тиын», «Қой мен ешкі», «Төбет пен мы­сық», «Қарға мен бұлбұл», «Тырна мен көгершін» тәрізді көптеген мысалдар жазды. Бұдан тыс көптеген өлеңдерін балаларға арнады. Сонымен қатар ол жұртшылыққа көр­некті прозаик, драматург ре­тінде де танылды. Ақын «Екі Заң» атты комедия, «Әзірет Сұлтан» деген пьеса жазды. Прозамен де шұғылданып,  «Жыр күмбезі» (1975) атты тарихи роман жазды. Тәжік классигі С.Айнидің «Құлдар» романын қазақшаға аударды. Бұған қоса, ол – әнге арнап өлең жазған алғашқы қазақ ақындарының бірі. Әсі­ресе соғыс жылдарында ән сөзін жазумен көбірек шұғыл­данады.

Облыстық «Сыр бойы» («Ленин жолы») газетінде ұзақ жылдар еңбек еткен жур­налист, ұжымның ардагері Рысты Бекбергенова ақынның 100 жылдығына орай жазған «Асқар ойлы Асекем» атты мақаласында: «Менің туған жерім – Кас­пий теңізінің ар жағындағы орыс жері, Астрахань облысы. Бала кезімізде ауылда әде­биетке жа­ны құштар, өлең-жырды қат­ты сүйетін Алпыс де­ген аталас ағайын болды. Сол атам қайдан, кімнен алғанын білмеймін, өте ескі, кейбір беттері жоқ қазақ әдебиеті кі­табын әкеп, маған оқытатын. Әлгі оқулықтар ішінде С.Сей­фуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлинмен бірге Ас­қар Тоқмағамбетовтің де өлең­дері мен суреті болатын. Оған қызығып, «Шіркін-ай, осы кісілерді бір көрсем-ау» деп армандайтынмын. Бұл ар­маным 1952 жылы Қы­зыл­ордадағы М.Мәметова атын­дағы педучилищеде оқып жүр­генде орындалды», – деп жа­зады. Сонымен бірге автор ақынның өмірде қарапайым екенін, адамгершілік асыл қа­сиеттері мен жастарға қам­қорлық танытқан сәттерін те­бірене жеткізіпті. Сондай-ақ, марқұм Қази Данабаев та «Асқар ақынмен таныстық» атты мақаласында 1969 жылы Қызылорда педагогикалық институтына түскеннен кейін «Ленин жолы» редакциясына соққанын, Қомшабай Сүйе­ні­шевтің ақылымен А.Тоқ­ма­ғамбетовке өлеңдерін көр­сеткенін, оның «Жалын» жур­­налына сәт сапар жазып бер­­­генін баяндайды. Мұнан Асқар ақынның қолына қа­лам ұстаған жастар шығармашылығына мән беріп, ел мәдениетін биік деңгейге көтеруге жауапкерпшілікпен қарағанын бағамдаймыз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<