ТЕКТІДЕН ТЕКТІ ТУАДЫ

ТЕКТІДЕН ТЕКТІ ТУАДЫ

Балалық балғын шағын Қарауылтөбеде өткізген Байзақ Момынбаев орта мектепті  бітірісімен Алматыдағы ауылшаруашылық институтына  оқуға түсіп, оны 1969 жылы  ойдағыдай бітіреді. Алғашқы еңбек  жолын республикалық «Казсельхозмеханизация» кәсіпорнында инженер-механик мамандығынан бастайды. Ұстаз ғалымдарды өзі оқыған  оқу  орнына қызметке  шақырып, ауыл шаруашылығы институтында ассистент  болып,  шәкірт тәрбиелейді. 1980 жылы  кандидаттық диссертациясын Ленинград ауылшаруашылық институтында қорғап шықты.
ТАҒЫЛЫМ 28 қаңтар 2014 г. 1 629 0

ЖАНЫ ЖАЙСАҢ, МІНЕЗІ КӨРКЕМ ҰСТАЗ ЕДІ...

Ұлы Абайдың отыз жетінші қарасөз-ғақлиясындағы: «Дүние – үлкен көл, Замана – соққан жел, Алдыңғы толқын ағалар, Артқы толқын Кезекпенен өлінер, Баяғыдай көрінер», – деп, терең толғануының сырын ойға алғанда әрқашан өткен өмір, зымыран құс – замана керуені көз алдыңда жылжып бара жатқандай көрінеді. Сосын кемеңгер Абай атамыздың қалайша дәл айтқанына әрі қысқа тұжырыммен көп ой білдіргеніне дән риза боласың. Міне, екінші мыңжылдықты тәмамдап, үшінші мыңжылдықты бастағанымызға да он үш жылдан асты, Тәуелсіздігіміздің жиырма екі жылдық мерекесін тойлағалы отырмыз. XX ғасыр өзінің сан алуан оқиғаларымен, өміршең өзгерістерімен, солардың бел ортасында жүріп, өнегелі іздер қалдырған өрелі өрендерімен, ел жадындағы асыл азаматтарымен есімізде мәңгі қалды.
ТАҒЫЛЫМ 25 қаңтар 2014 г. 2 077 0

ӘР КӨҢІЛДІҢ ШЫРАҒЫ БОП ҚАЛҒАН ЖАН

Басшы кадрларды іріктегенде кеңес кезеңінің өте бір жақсы, ел сүйсінетін осы заманға да  өнеге, үлгі етерліктей  жағымды жұмысының бірі – нәзікжандылардан саралап, таңдап ел басқару істеріне тартуы еді. Қармақшы ауданының басшылығында  қызмет атқарған Марияш Сапабекова, Бағия Оспанова, Тұрсынкүл Әбдиева, Ырысты Тілеуқабылова, Зауыткүл Қалиева, Тынышкүл Дәлиева  сынды апаларым мен қарындастарымның есімдері ел есінде.  Олардың әрқайсысы партия мен ел сенімінен шыға білді. Ол кезеңде  партия мен ел сенімі біртұтас  болатын.  
ТАҒЫЛЫМ 11 қаңтар 2014 г. 817 0
БОЗҒҰЛОВ

БОЗҒҰЛОВ

Әдетте, халық кез келген шығармаға жақсы жазылыпты, жаман жазылыпты деп өз бағасын беріп жатады. Ол – заңды құбылыс. Кім туралы жазсаң да, кім туралы айтсаң да, оның сәтті шығуы үшін жазып, айтып отырған адамың жаратылысынан жақсы адам болуы керек. Оны  жан-жақты, жақсы білуің керек, жақсы түсінуің керек, жақсы көруің шарт. Сонда ғана жақсы шығарма туады.  Жақсы адамның жақсылығының өзі – ешқандай әсерлеусіз-ақ, әшекейлеусіз-ақ, көтермелеусіз-ақ, дәнекерлеусіз-ақ жақсы шығарма. 
ТАҒЫЛЫМ 09 қаңтар 2014 г. 3 221 0

ӨМІРДЕН ТҮЙГЕН ӨСИЕТ

Бала Ханзада жастайынан зерек өсті, ерте жетілді. Аталар сөзін зердесіне құйып өскендіктен болар, отырған жерде көнекөздер сөзін тамылжыта айтады, ақ батаны төгілтеді. Шағын ауылда дуалы сөздің құймақұлақтары көп еді-ау. Ауыл ақсақалдары күн сайын кешкілік бір үйге жиналып, әңгіме-дүкен құратын. 
ТАҒЫЛЫМ 07 қаңтар 2014 г. 1 014 0

ДАРАБОЗ ДӘРІГЕР

Есімдері елге танымал айтулы азаматтар қашанда санаулы. Заманында топ бастаған тұлғалар ешқашан тасада қалған емес. Осындай азаматтардың бірі, тіпті бірегейі, адам жанының арашасы болып жүрген Сырдария аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары, хирург Шынтас Зетов десем, асыра айтқандығым болмас.
ТАҒЫЛЫМ 28 желтоксан 2013 г. 1 022 0

ӨЛШЕМІ БИІК ӨМІР ИЕСІ

Елімізге еңбегі сіңген дәрігер, медицина ғылымының кандидаты облыстың құрметті азаматы, кеңестік дәуірдің марапаттарын қоспағанда тәуелсіз Отанымыздың «Құрмет» орденін омырауға таққан ақиық азамат, абзал аға Тұрғанбай Маханов – Сыр өңіріне ғана емес, Қазақстанға танымал есім.
ТАҒЫЛЫМ 26 желтоксан 2013 г. 838 0

МЕТАЛЛУРГИЯ МАЙТАЛМАНЫ

Тәуелсіз мемлекеттер достастығында бірінші болып жекеменшікке, еркін бәсекелестікке және ашықтық принциптеріне негізделген нарықтық экономиканың заманауи үлгісін қалыптастырған Қазақстан мемлекеті тың үдерістерді толассыз іске асыруымен танылды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің өсіп-өркендеуі жолында тың ұсыныстарды ортаға салумен қатар дұрыс шешімдерді батыл қолдап келе жатқаны анық. 
ТАҒЫЛЫМ 26 желтоксан 2013 г. 797 0

ҚАЙРАТКЕР

«Алтын тоның болғанымен, жағасы мен жеңі қымбат, қанша батыр болсаң да, халқың менен елің қымбат». Осы бір мәтелдің мағынасына зер салып, ойланып көрсең, «Байлықтың бір жұттық, батырдың бір оқтық» екендігін білдіреді. Ел ішінде туған жұрты мен халқының қадірін білетін,  елін нағыз батырларша сүйе алатын атпал азаматтар аз емес. Солардың бірі Бегалы аға туралы аз-кем білетіндерімді оқырмандарға жеткізуге асықтым.
ТАҒЫЛЫМ 21 желтоксан 2013 г. 1 063 0

ЗАРҚҰМ

Кеңестік жүйе алғашқы 20 жылда бірнеше толқын репрессия жүргізіп, ұлт зиялыларының басым көпшілігінің көзін жойғаны тарихи ақиқат. Ел басына түскен зобалаң-нәубеттің ең алғашқы құрбандарының бірі қоғам дамуына қатысты өзіндік қөзқарасы болған Зарқұм Қуанышұлы (1865-1918жж.) еді. 
ТАҒЫЛЫМ 21 желтоксан 2013 г. 1 212 0