АҒА ҰРПАҚТЫҢ ӨНЕГЕСІНЕ ҚҰРМЕТ

АҒА ҰРПАҚТЫҢ ӨНЕГЕСІНЕ ҚҰРМЕТ

Киелі Сыр  өңірінің ауыл шаруашылығы жылының «Алтын күз - 2013» мерекесі Қызылорда қаласының іргесі қаланғанына 195 жыл толуына тұспа-тұс келді. Негізгі дақыл саналатын күріштің әр гектарынан 48,8 центнерден өнім жинау бұрын-соңды болған емес. Басқа дақылдардан да жақсы өнім жиналса, мал шаруашылығында да өсім жақсы. Оған Сыр өңірінің әрбір тұрғыны қуанышты кейіпте. Толағай табысқа жетуге қанша адам аянбай еңбек етті. Сол кісілердің еңбегі лайықты бағаланып, ауыл шаруашылығы саласының 29 номинациясы бойынша анықталған еңбек озаттары Алғыс хатпен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Биылғы «Алтын күздің» ерекшелігі – бұрынғы еңбек ардагерлерін ұмытпай, оларға да ерекше  құрмет көрсетілуі.  Облыс басшысы  Социалистік Еңбек Ері атанған бір топ қарияларға автокөлік кілтін тапсырды. Бұл – келешек ұрпаққа үлкен өнеге.
ТАҒЫЛЫМ 05 қараша 2013 г. 773 0
АДАМДЫҚ АСҚАРЫНДАҒЫ АЗАМАТ

АДАМДЫҚ АСҚАРЫНДАҒЫ АЗАМАТ

Адамзат жаралғаннан бері жер бетіндегі осы саналы тіршілік иесінің атауына қосылып айтылып келе жатқан «адамгершілік» деген тіркес бар. Адам бойындағы қандай да бір қасиеттің армен безбенделетінін ұғынған ұлтымыз пенделік пиғылдан ауласын аулақ салып, адамгершілігін аласартпаған жанды ардақ тұтып, құрмет көрсеткен... 
ТАҒЫЛЫМ 02 қараша 2013 г. 1 153 0
БЕКЗАТ БОЛМЫС

БЕКЗАТ БОЛМЫС

(Мырзабек Дүйсеновтің күнделік жазбалары туралы) Белгілі әдебиеттанушы ғалым, жазушы Мырзабек Дүйсенов өзі қалам тербеген қай жанрда да шеберлігін көрсете білді. Оның «Ана махаббаты», «Қалыңдық», «Гүлжан сүйеді», «Меймандар», «Ант», «Үміт», «Біз күн перзентіміз», «Бір аспанның астында», «Ғасырлар сыры», «Сағанатас сырлары» және басқа көркем шығармалары, ғылыми-танымдық эсселері, зерттеу еңбектері қалың оқырманның игілігіне айналды. Қаламгер білім-білігімен ғана емес, ешкімге ұқсамайтын стилімен де ерекшеленді. Жұрт шығармаларын іздеп жүріп оқитын автор ретінде көпке танылды.
ТАҒЫЛЫМ 02 қараша 2013 г. 3 139 0
СЕГІЗ ҚЫРЛЫ, БІР СЫРЛЫ АЗАМАТ

СЕГІЗ ҚЫРЛЫ, БІР СЫРЛЫ АЗАМАТ

Бақдәулет Дербісәліұлының ел экономикасын арттыруға елеулі үлес қосатын жұмысшы кадрларын даярлау саласында  жүргеніне  отыз жылға жуықтапты. Сонау сексенінші жылдардың орта шенінде сол кездегі №9 кәсіптік-техникалық училищеде басталған ұстаздық жолы күні бүгінге дейін сәтті жалғасуда. 2005 жылдан бастап №6 кәсіптік лицейде оқыту шебері, арнаулы пән және әдіскер-оқытушы болып қызмет  атқарып келе жатқан Бақдәулеттің есімі қазір көпшілікке кеңінен танымал. Оны әріптестері де, кәсіптік білім саласының басшылары да мақтан тұтады. Оның  себебіне көз жүгіртіп көрелік.
ТАҒЫЛЫМ 31 қазан 2013 г. 1 083 0
СЫР САРАБДАЛЫ АРАЛБАЙ

СЫР САРАБДАЛЫ АРАЛБАЙ

Бұл өмірден небір жайсаңдар өткені ойға оралады. Аз ғұмырында Ғани Мұратбаев шығыс жұлдызы атанды, Саттар Ерубаев жиырмадан сәл асқанда «Менің құрдастарым» романын жазды, Шоқан отызға жетпей орыс ғалымдарын таңырқатты.  Мен қоғам және мемлекет қайраткері Аралбай Махамбетовті осылардың өміріне ұқсатамын. Ол өте білімдар еді. Бар-жоғы 41 жыл өмір сүріп, дүниеден өтті. Бұған да биыл 40 жылдан асты. Жүйрік уақыт зымырап өтіп жатыр. Иә, Аралбай Махамбетов кім болған дейсіз ғой, оқырман?
ТАҒЫЛЫМ 29 қазан 2013 г. 920 0
ТЕКТІЛІК ТАҒЫЛЫМЫ

ТЕКТІЛІК ТАҒЫЛЫМЫ

Өркеш-өркеш болып түйедей шөгіп жатқан қалың қатпарлы қарт Қаратау сілемдерінің етегінде Талап ауылы орын тепкен. Бұл жердің табиғаты  көркем, ауасы таза, суы балдай. Халқының ынтымағы жарасып, қаймағы бұзылмаған. Осы қасиетті өлкеден талай талантты дарындар, ғалымдар, дәрігерлер, ақын-жазушылар, спортшылар, өнер және қоғам қайраткерлері шықты. Осындай асыл текті азаматтың бірі – Зинабдин Шермағанбетов. Ол кісі ұзақ жылдар мектеп директоры болып және мемлекеттік қызметтер атқарды. Сондықтан ұстазымыздың кісілігі, тектілігі, біліктілігі, тұлғалығы жайында аз-кем қалам тартуды өзіме зор міндет санадым.
ТАҒЫЛЫМ 29 қазан 2013 г. 985 0
АЛТЫН ЖҰЛДЫЗДЫ АЗАМАТ

АЛТЫН ЖҰЛДЫЗДЫ АЗАМАТ

1937 жылы қыркүйек айының аяғында Қиыр Шығыстан сталиндік қуғын-сүргіннің әсерінен, яғни, депортациялық жолмен корей халықтары Қазақстанға көшіріледі. Осы корей халқының бірсыпырасы біздің Қармақшы ауданына келді. Оларды аудан басшылары қыстап шығуға жертөлелерге 48 отбасын, яғни, шағын екі артельді орналастырды. «Червонная Земля» төрағасы Пак Ин Гван, «ІІІ Интернационал» төрағасы Цай Ден Хак Қашқансу табанына қоныстанды. Yшінші ұйымдастырылған колхоз төрағасы Ким Тен Сем Бозарқаш («Утренная Заря») колхозына орналасты. Сөйтіп, жаңа қоныстанушылар көңіл елегінен өткізе келіп, бұл өңірдің күріш егісіне қолайлы екенін анықтады. 
ТАҒЫЛЫМ 26 қазан 2013 г. 953 0

ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР ҰРПАҚҚА ҰЛАҒАТ

Қазақ халқының кезіндегі қолөнері сан ғасырлық ақыл-ойдың тәжірибесін табиғатты түсіне білудің, сондай-ақ дәулескер шеберлік пен даналық суреткерліктің құдіретті туындылары десек, асыра айтқандығымыз болмас. Қолөнер шеберлерінің жан дүниесінен жүрек талғамымен өріліп шыққан туындылар адам жанын рухани байытып, талғам тынысын, көңіл көкжиегін кеңейтіп, өмірге көзқарасын оңалтады. Ақиқатында, бұл – шебердің нағыз шеберінің қолынан келетін құдірет. Себебі, шебердің ол маңдай тері, ақыл-парасаты, талғам түсінігі, өмірге көзқарасы, дүниетанымы өзіндік жүрек қалауымен қайталанбас қолтаңбасынан көрініс табатын болса.
ТАҒЫЛЫМ 22 қазан 2013 г. 4 084 0

“ЕҢБЕКШІ ҚАЗАҚТЫҢ” АРБАКЕШІ

Ақын, жазушы Қалмақан Әбдіқадыров 1903 жылы туған. Тұңғыш "Сырдария” атты өлеңі 1925 жылы "Еңбекші қазақта” жарияланды. 1928 жылы "Жалшы” деген атпен жеке жинағы жарық көрді. "Екпін” (1932), "Шахтер” (1934 ж) "Өлеңдер жинағы” (1935 ж) баспадан шықты. "Келес қызы”, "Мақташы қыз” атты дүниелерінде еңбек адамдарының ерлік еңбегі бейнеленді. "Қажымұқан” (1952), повесін жазды, "Мың бір түнді” (1949, 1955, 1962) аударды.
ТАҒЫЛЫМ 19 қазан 2013 г. 1 813 0

ХАЛЫҚ СҮЙГЕН ҚАЙРАТКЕР

...Жер бетіне кісі келеді екен, Алла берген кесімді мерзімін жүріп өтеді екен. Бірақ сол жолды кім қалай жүріп өтеді? Мәселе осында... Сенен Алланың сұрайтыны да сол. 
ТАҒЫЛЫМ 19 қазан 2013 г. 1 315 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930