Қайран, замандас

742

0

Балықшы Тарғын Әбілдаұлы бар өмірін туған ауылы Шөмішкөлде өткізді. Өмірін атакәсіпті дамытқан балықшы қауыммен, қалың елдің тіршілігімен бірге өрбітіп, нағыз ауыл қазағына тән кеңдікпен, дархандықпен өмір сүрді. Кешегі Кеңес заманында қатардағы балықшы болып жүріп көзге түсіп, «Шөмішкөл» учаскесінде балықшылар звеносының жетекшісі, халық қалаулысы болған жанды бүгінгі жастар біле ме екен?

Тарғынның туған жеріне, ауылдастарына деген ілти­паты, қамқорлығы ерен еді. Қарапайым, байсалды, көр­кем мінезді, жанарына шат­тық ұялаған жайдары жан болатын. Қанша біліп тұрса да, «мен білемділікке» са­лын­бай өзгені тыңдап, аз сөйлейтін. Әрі тындырымды ісімен өзгені мойындататын. Сол болмысы ауыл-аудан мақ­танышына бө­ленген, үлкенді-кішілі за­ман­дастарына үлгі болып, тірлік-тіршілікке бағ­дар сілтеді. 

Оның осындай қасиеттері елге де, билікке де ұнаса ке­рек, кешегі кеңестік дә­уірде бірнеше мәрте ауыл­дық ке­ңестің депутаты бол­ды. Арал аудандық партия ко­митетінің мүшелі­гіне сай­ланып, өз ауылдаста­ры­ның мұқтаждары мен ескерт­пе­лерін әркез есінен шығар­май, оңтайлы ше­шілуіне атса­лысты. Осы бол­мыс-бітімі бала кезден қа­лыптасқан секілді көрінді.

Мен Тарғынды Шөмішкөл­де оқып жүргенімнен бастап білемін. Әулиенің тұқымы деп ерекше қарайтынбыз. Онымен бірге сегізжылдық мектепте қатар оқыдық. Мектептен соң Қазалы кәсіптік-техникалық училищесіне түсіп, тракто­рист мамандығын игеріп, жас­тайынан еңбекке аралас­ты. Ауылға ат басын тіре­сек, Тарғынмен, Серік Төлеу­бай­ұлымен, Закария Ата­ғұлла­ұлы­мен кездесіп, жастық шақ­ты еске алатынбыз.

Алматыдан жоғары оқу орнын бітіріп елге орал­дым. Алғашында совхоз өн­ді­рісінде еңбек етіп, ке­йін­нен, яғни 1972 жылы Арал аудандық комсомол ұйы­мы­ның жетекшісі болып қызмет ауыстырдым. Сол кездері Тар­ғын аудандық комсомол комитетінің ұсынысымен пар­тия қатарына қабылданды. Ол кезде мен де жас коммунист болатынмын. Аудандық пар­тия комитетінің бюро мә­жілісі алдында Тарғынның ка­бинетіме келіп, партия жарғысы мен бағдарламасы, жас коммунистердің жауап­кер­­ші­лігі жайлы ой-пікірле­рі­мізбен бөлісіп, оған сәтті қадам тіле­генім есімде.

Тарғын «Шөмішкөл» учас­кесі балықшыларының бір звеносын басқарып жүріп, жастығына қарамай, аудан ба­лықшылар қауымы ара­сынан үлкен сый-құрметке бөленіп үлгерді. Ол өз ор­нын ерен еңбегімен табуға ұм­тылған жігерлі жастардың бірі болатын. 17 жасында  ба­лықшы звеносының алғаш жетекшісі болған жас еді.

Партия мүшелігіне қа­был­дану өзінің тікелей мін­детінен басқа қоғамдық жұмыстарда да белсенділігінің күрт ар­туына үлкен ықпал жаса­ды. Шөмішкөл елді мекені­нен халық қалаулысы болып сайланып, ауыл тұрғын­да­ры­ның көптеген тұрмыс­тық-әлеуметтік мәселелерін кө­терді. Олардың  шешілуіне ықпал жасап, ауыл­мен қоса, аудан көле­мін­де де абырой биігіне көтерді.

Тарғынның еңбектегі қол жеткізген табыстары жоғары бағаланып, ол бірнеше мәрте социалистік жарыстың үздігі болды. Бесжылдықтың жеңім­пазы, Қазақ ССР Жоғарғы Советінің, кәсіподақтардың, республика, облыстық және аудандық  Лениншіл ком­му­нистік жастар одағының құрмет грамоталарымен ма­ра­патталды. Осының бәрі Тарғын басқарған балық­шылар звеносы  үшін, бүкіл Шөмішкөл ауылының тұр­ғындары үшін, Арал ауданы­ның балықшы жастары үшін үлгі, мақтаныш болған.

«Еңбек – адамның көркі, адам – заманның көркі» деп текке айтылмаған болар. Оның балықшылықты терең түсіне білуі, сезімтал-іскер­лігі, әріптестерімен тіл та­бы­суы, басқару тәсілі күмән келтірмейтін.  

«Адал арың – ақ мамық жастығың» деген екен бір данышпан. Тарғын ініміз ту­ған жерін түлетуге үлес қос­қан арлы азаматтардың бірі еді. Алланың әмірімен ерте бақилық болды. 2013 жылы 64 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Дегенмен, са­налы-мағыналы өмір кеш­ті, замандастары мен ұрпақ­та­рына сара жол сілтеп, бағыт берген ел азаматы. «Ата – кеме, ана – дария»  дегендей, атан жүгін арқалаған, ата­дан өсиет, анадан қасиет да­ры­ған Тарғын інімнің ұр­пақтарына Жаратушымыз ұзақ, бақытты өмірді нәсіп етсін деп тілеймін. Алтын бесік – туған жерін түлеткен еңбек адамының есімі ұм­тылмаса, оны еске алу ша­ралары ұйымдастырылса де­ген ниетпен қолға қалам алған едік.

Маханбетәлі ІЗМАХАНОВ,

Арал ауданының Құрметті азаматы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<