Жастар оқуы тиіс 5 кітап

1762

0

  Кітап құнды қазына, нағыз байлық. Ақылына ақы сұрамайтын, өмірге көзқарасыңды өзгертіп, сабырға шақырып, жол сілтейтін ақылшың.

Бұрын оқушы, студенттер кітап оқудан жарысып, сайысқа түсіп, ондағы кейіпкерлер қызу талқыланатын. Кітап бағалы, әрі ерекше сыйлық болатын. Ал қазір кітап сыйлау біреулерге тым ерсі көрінсе, біреулерге тым қарапайым сыйдай көрінеді. Сондықтан сыйлыққа кітап беру сирек құбылысқа айнала бастады. Ал менің ойымша, кітап өте пайдалы әрі бағалы естелік.

Дегенмен, бес саусақ бірдей емес, жастанып оқымаса да, арнайы жоспарлап кітап оқитын жастар баршылық. Ғалымдардың зерттеуінше, компьютер, телефоннан оқыған ақпараттан гөрі, қолмен ұстап оқыған, яғни кітап, қағаз бетіндегі тасқа басылған көркем дүние адам жадында ұзақ сақталады екен.

Сондықтан мен қазақтың әрбір жас жеткіншегі мына кітаптарды оқығаны жөн деп санаймын.

  1. Мұхтар Әуезов, «Абай жолы»

2. Бердібек Соққпақбаев, «Менің атым Қожа»

3. Әбдіжәміл Нұрпейісов, «Қан мен тер»

4. Әзілхан Нұршайықов, «Махаббат қызық, мол жылдар»

5.  Шерхан Мұртаза, «Қызыл жебе».

Арай ЕСҚАЛИЕВА,

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің 3-курс студенті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<