Қорқыт және әл Фараби тағылымы

726

0

Әл Фараби және Қорқыт – тегіс Шығыс, түркі әлемінің бейнесі болған жарық тұлғалар.

Ұлтымыздың дүниетанымдық деңгейінің табиғатпен үйлесімділік, қайырымдылық пен игілікке ұмтылушы, бақытты қоғам қалыптастырушы ретіндегі бейнесінің көрінісі болған осы тұлғалардың философиялық көзқарастарын қоғамға насихаттау Мемлекет басшысы атап көрсеткен сабақтастық пен институционалдық арқылы ұлт сапасын арттыруды көздейтіні анық. Осы мақсатта әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті философия кафедрасының студенттері мен оқытушылары Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінде өңір студенттеріне арнап «Қорқыт және әл Фараби тағылымы» атты семинар ұйымдастырды.

Философия кафедрасы студенттерінің өндірістік тәжірибесі аясында өткізілген семинар жұмысы тәжірибе жетекшісі, профессор Сәния Еділбаеваның әл Фараби философиясына кіріспе ретінде дайындаған баяндамасымен басталды. Сәния Жәкенқызы тәжірибе базасын ұсынған колледж әкімшілігіне алғысын білдіріп, гуманитарлы ғылымдардың бәсекеге қабілетті мамандар дайындау жолындағы маңызын атап көрсетті. Семинар жұмысы Қазақ Ұлттық университетінің әл Фараби орталығындағы өндірістік тәжірибе тәлімгерлерінің баяндамасымен жалғасты. Студенттер тарапынан туындаған барлық сұрақтарға жауап берілді, тәжірибе тәлімгерлері колледж студенттерінің сұрауымен келер жылы да өндірістік тәжірибе аясында ауқымды іс-шаралар, философ ғалымдармен кездесу ұйымдастыруға уағдаласты.

Ұлттық гуманитарлы білімдердің ретроспективті тұстарын жаңғырту – семинарға қатысушылардың ортақ консенсусы осындай болды. Жастардың философиялық, гуманитарлық білімдерді оқып-үйренуге қызығушылығын арттырып, мазмұнды кездесу ұйымдастыруға ұйтқы болған әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің философия кафедрасының әкімшілігіне, оқытушы-профессорлық құрамына, практика жетекшісіне алғысымызды білдіреміз.

Ақтолқын НӘЛІБАЕВА,

Жәнібек ҚАНИЯТОВ,

Әл Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<