Қызылорда макарон фабрикасы

344

0

Қызылорда макарон-кондитер фабрикасы 1960 жылы Қызылорда облыстық өнеркәсіптік кеңесінің қарамағында болған «Трудовик» артелі базасы негізінде жұмыс істей бастады.  «Трудовик» артелінде кондитерлік, карамель және макарон цехтары  болды. Оларда пряник, печенье, кептірілген қауын, макарон,  вермишель шығарылды.

1961 жылы фабрикада 186 адам жұмыс жасады, 1964 жылы 3300 тонна өнім өндірілді. 1965 жылы қант және ұн өнімдері, барбарис кәмпит, жеміс-жидек салмасы бар карамельдер шығарылды.

Қазақ КСР министрлер кеңесінің 1968 жылғы 19 тамыздағы №519 қаулысымен Қызылорда макарон-кондитерлік фабрикасы Қызылорда макарон фабрикасы болып  атауы өзгертілді.

1969 жылы Қызылорда макарон фабрикасы жылына 5,8 тонна макарон өндірді. 1977 жылы фабрикада 122 адам жұмыс істеді. 1980 жылы 7500 тонна макарон өнімдерін шығарған.

1981 жылдан Қызылорда макарон фабрикасы Қазақ өнеркәсіптік  бірлестігіне қарады.

Қызылорда макарон фабрикасы Сыр елін макарон және кондитерлік өнімдермен қамтамасыз еткен іргелі  өндіріс орны болды.

Облыстық архив қорынан

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<