18 сәуірде Қазақстанда теле және радиоарналар уақытша тоқтатылады

128

0

18 сәуірде «Қазтелерадио» АҚ-ның  спутниктің жерсеріктік және эфирлік телерадио хабарларын тарату желісінде жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілетін болады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz

Компанияның баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, профилактикалық жұмыстар 18 сәуір күні Астана уақыты бойынша сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін жүргізіледі.

«18 сәуірде сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін (Астана қ. уақыты бойынша) «Қазтелерадио» АҚ-ның жерсеріктік және эфирлік телерадио хабарларын тарату желісінде теледидар мен радио сигналдардың жойылып кетуімен жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізілетін болады», – деп мәлімденеді хабарламада.