38 қару өтемді түрде қабылданды

223

0

 Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атыс қаруы мен жарылғыш заттарды қолдана отырып жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 10 сәуірден бастап республика аумағында халықта заңсыз сақтаудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды өтемді түрде сатып алу акциясы жүргізіліп жатқаны белгілі.

Өткізіліп жатқан іс-шараның 3 күнінде азаматтардан өз еріктерімен заңсыз қаруларды өткізу жайлы 19 арыз тіркеліп, 38 дана атыс қаруы қабылданды.

Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктерге тартылмайды. Ол азаматтарға тапсырған қаруының, жарылғыш заттардың, оқ-дәрінің түріне және техникалық жай-күйіне байланысты айлық есептік көрсеткіштің 10-нан 100-ге дейінгі мөлшерінде сыйақы тағайындалады.

Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің  Әкімшілік полиция басқармасы республика аумағында өткізіліп жатқан акцияға азаматтар өз үлестерін  қосады деген сенім білдіреді.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<