Акушерлер күні аталып өтті

697

0

Қызылорда облыстық перинаталдық орталығында 5 мамыр – халықаралық акушерлер күніне орай мерекелік іс-шара болып өтті. Осы атаулы күні ақ халатты абзал жандарға арнайы құрмет көрсетіліп, еңбектері ерекше еленді.

Облыстық перинаталдық орталығы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Жаканова Сауле Саменовна әріптестерді құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Ана мен бала денсаулығы саласына қосқан үлесі үшін орталық акушерлеріне түрлі марапат табысталды. Облыстық перинаталдық орталығы әкімшілігі атынан мақтау қағазы, кәсіподақ ұйымы атынан қабылдау, жүктілер патологиясы, І, ІІ, ІІІ акушерлік бөлімшелерге сыйлықтар үйлестірілді. «AMANAT» Қызылорда облыстық партиясының филиалы атынан Алғыс хат табысталды. Сонымен қатар, «Қызылорда облысы бойынша мейіргер ісі мамандарының Ассоциациясы» аймақтық қоғамдық бірлестігі атынан мақтау қағаздары берілді.

Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты. Орталық дәрігерлері тілек білдіріп, қызметкерлерге сәттілік, абырой тіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<