Алатау бөктерінде бәйшешек гүлдеді

430

0

Фото: видеодан алынған кадр

Қазақстандық фотограф Дмитрий Доценко Алматыда тау бөктеріндегі бәйшешектердің гүл жарған сәтін түсірді.

«Жыл сайын Алатау шафранын суретке түсіремін және әрдайым әртүрлі шығады. Бұл жолы қар мен мұз арасынан гүлдеген бәйшешектерді түсірдім. Нәзік гүлдің жылу мен күнге қалай жол табатыны таңқаларлық», – деп бөлісті Дмитрий Доценко Instagram парақшасында.

Алатаулық шафран (Crocus alatavicus) гүлі «Қызыл кітапқа» енгізілген, сондықтан оны жұлуға немесе таптауға болмайды.

Қазақстанда крокус Ақсу-Жабағылы және Алматы қорықтарында, Берікқара және Қарақоңыз ботаникалық қорықтарында, Іле-Алатау және Алтын-Эмл ұлттық табиғи парктерінде қорғауға алынған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<