Алматыда бәйшешек гүлдеді

549

0

Фото: Александр Павский/Kazinform

Алматының ботаникалық бағында бәйшешек гүлдеді, деп хабарлады Қазақпарат.

«Енді көктем келді деп анық айта аламыз. Біз ботаникалық бақта галантустың гүлдегенін көрдік. Оларды басқа атпен бәйшешек деп те атайды. Шын мәнінде, бұл гүлдердің алғашқы өскіндері қаңтардың ортасында пайда болды, бірақ суық және қалың қар олардың толық гүлденуіне жол бермеді», – делінген Ботаканикалық бақтың Іnstagram-дағы парақшасында.

Айта кетейік, бұл ерекше гүлдер Қызыл кітапқа енген.

«Сізден оларға ұқыпты қарауыңызды сұраймыз: көгалдарда жүрмеңіз, тіпті жұлмаңыз. Қызыл кітапқа енгізілген өсімдік түрлерінің жойылуы айыппұл салумен, тіпті 3 жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланады», – деп жазды Ботаникалық бақ өкілдері.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<