
Полицияның жедел ақпаратына сәйкес, ол ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі болған және қылмыстық әлемде «Әдөн» есімді лақап атымен танымал болған. Аталған азамат құрықталып, уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.
Жасаған бұзақылық қылмысы үшін (ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы) 4 жылға бас бостандығынан айыру жайлы Қызылорда облысы сотының үкімінен кейін қашып кеткен 25-жастағы тұлға өткен жылдың қараша айынан бастап іздеуде болған. Ол бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылып, бірнеше қылмыстары үшін сотты болған.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<