Аққұмдықтар ауылын көркейтуге жұмылды

407

0

Республика бойынша бастау алған «Туған жерге тағзым» акциясы Аққұм ауылында өз жалғасын тапты. 
Акция барысында Аққұм ауылынан шығып, ауданға, облысқа, одан қалды күллі қазақ жұртына танылған, ел ертеңі үшін тер төгіп, бойындағы таланты мен күш-жігерін осы жолда сарқа жұмсап, халықтың абырой, қошеметіне бөленіп жүрген бірқатар азаматтар Аққұм ауылының кіре беріс жолына арка орнатуға ниеттерін білдіріп, ортақ іске 1 млн 830 мың теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетті. Акцияда сөз алған ауыл әкімі А.Ибраев бүгінде туған жеріне келіп, тағзым жасап отырған бірқатар ел азаматтарына ауыл жұртшылығы атынан алғысын жеткізді.
Акция аясында ескерткіш алаңына ағаш отырғызылып, концерттік шара өтті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<