Аралдық ардагерлер Түркістанға саяхатқа аттанды

329

0

Арал ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен бүгін жергілікті 50 ардагер түркі халықтарының рухани астанасы – Түркістан қаласына жолға шықты.

Саяхаттаушылар қатарында ауданға қарасты қала, кент, және ауылдық округтердегі еңбек ардагерлері мен түрлі салада қызмет еткен зейнеткерлер бар.

Сапар барысында ардагерлер алдымен «Қорқыт Ата» кешеніне аялдаса, одан әрі «Қожа Ахмет Яссауи», «Арыстанбаб» кесенелерін зиярат ететін болады. Сондай-ақ, саяхат барысында Түркістан жеріндегі басқа да тарихи, көрнекті, киелі орындар қамтылады.

Аудандық мәслихат төрағасы Базарбай Төрахметов пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әділбек Әйімбетов ардагерлерді шығарып салу рәсіміне қатысып, оларға сәт сапар мен жақсы демалыс тіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<