Ардагерлерге құрмет көрсетілді

962

0

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ұйымдастыруымен «Отан қорғаушылар күні», «Жеңіс күні» мерекелеріне орай салтанатты шара өткізілді. Оған Департамент басшылығы, жеке құрам, сала ардагерлері қатысты.
Мерекелік шарада ҚР Мемлекеттік Әнұраны шырқалды. Одан әрі Департамент бастығы әділет полковнигі Есенкелдиев Шаймерден Тәжіқұлұлы қос мерекемен құттықтады.

Ол өз сөзінде: Бұл мерекелер біздің ел азаматтарының барлық ұрпақтарын біріктіреді. Бұл күндері біз өз өмірін Отанға қызмет етуге арнаған батыл адамдарға және Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетеміз. Аға ұрпақ пен жас бyынның Отанымызды қорғап, қызметте айтyлы үлес қосқанын бiз әрқашанда мақтан тұтамыз.


Елiмiздiң өркендеyi жолында атқарып жатқан игi қызметтерiңiзге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендерiңiзге саyлық, мол бақыт және бейбiт ғұмыр тiлеймiз», – деді. Одан әрі құттықтау сөзін Ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Жамуров алып, өзінің ізгі тілегін арнады.


Мерекелік іс-шара ҚАЖ қызметкерлері, ардагерлерді марапаттау рәсімдерімен жалғасты. Яғни өздерінің қызметтік міндеттерін адал атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгендері үшін ҚР ІІМ, ҚАЖК, ҚАЖД басшылығы тарапынан марапаттар ұсынылды.
Қос мерекеге орай әділет капитаны Әмірбек Азамат Темірбекұлы «Кезектен тыс әділет майоры арнаулы атағын» алса, әділет подполковнигі Садуақасов Дәулет Махмутұлы «Кезектен тыс әділет полковнигі» шенін алды.


Сондай-ақ, «Қылмыстық – атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен әділет старшинасы Сұңғат Ибраимов, «Қылмыстық атқару жүйесінің үздігі» төсбелгісімен әділет капитаны Рақымжан Жамбылов, «Қазақстан полициясына 30 жыл» төсбелгісімен әділет аға лейтенанты Самат Омаров марапатталды. Бұдан бөлек департамент бастығының бұйрығымен қызметін мінсіз атқарған бірқатар қызметкерге Грамота, Алғыс хаттар салтанатты түрде табысталды.


Салтанатты шара қос подполковниктер А.Рыспенбетов пен С.Шетеновты зейнеткерлікке шығарып салу рәсімімен жалғасын тапты. Департамент бастығы Шаймерден Тәжіқұлұлы қос зейнеткерге қылмыстық –атқару жүйесінің беделінің биік болуына қосқан үлестері үшін уақытпен санаспай еңбек етіп, адал жолмен бүгінгідей салтанатты күнге жеткендеріңіз біз үшін де қуаныш- деп алғысын білдірді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<