АҚШ Ресейге қарсы тағы санкциялар салады

289

0

Америка Құрама Штаттары Ресейге қарсы тағы да санкция салады. Бұл туралы АҚШ-тың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Никки Хейли мәлімдеді, деп хабарлайды 24kz сайты.

Айтуынша, бұл жолғы шектеулер ресми Мәскеудің Сирия билігіне қолдау көрсетуіне қарсы бағытталған. Өйткені Башар Асад Мәскеуге арқа сүйеп, халықаралық заңды белден басып жүр. Санкциялар Сирия президенті Башар Асад пен химиялық қару пайдалануға қатысы бар ресейлік компанияларға салынады. Сондай-ақ Никки Хейли Дональд Трамп Сириядан америкалық сарбаздарды шығаруды жоспарлап жүр деген деректі жоққа шығарды.

Айта кетейік, сәуір айының басында Вашингтон ресейлік бірқатар бизнесменге, ресми тұлғаларға және компанияларға қарсы 38 санкция салған еді. Ол кезде Ақ үй Кремьлді Сирия мен Украинадағы ахуалдың ушығуына айыптаған болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<