Астанада Сингапур мектебі салынбақшы

294

0

Елордада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 1500 оқушыға арналған Сингапур мектебі салынады. «Астана» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына 1500 оқушы білім алатын Сингапур мектебін салуды қалайтын инвестордан өтінім алды.

Бұл туралы Елорда Инфо хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

«Бізге Астанада Сингапур мектебін ашуды қалайтын тиісті инвесторлар өтінім келіп түсті. Мектеп 1500 оқушыға арналып салынбақ. Жаңа мектеп Сингапур моделі бойынша салынады. Ол бастауыш мектеп, орта мектеп және бітіруші сыныптарға арналған үш бөліктен тұрады. Балалар оқу үдерісіне үлгеруі үшін олар мектеп аумағындағы кампуста тұрады деп жоспарналуда», – деді «Астана» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.

Оның айтуынша, Сингапур мектебі техниканың соңғы үлгілерімен жабдықталады. Сондай-ақ, оқушыларды  шетелдік ұстаздар оқытатын болады. Әзірге Сингапур мектебі жобасының құны мен инвесторы туралы ешқандай мәлімет көрсетілмей тұр.

«Аталған жоба ӘӘК стратегиясына жақсы келеді деп ойлаймыз. Бұл бір жағынан әлеуметтік, ал екінші жағынан білім беру саласына үздік халықаралық тәжірибені тарту болып табылады. Сонымен қатар, қаладағы білім беру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл жобаны біз «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде іске асыратын боламыз», – дейді төраға.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<