АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА ЖАТ АҒЫМДАРДЫҢ ҚАУІПТІЛІГІ ТҮСІНДІРІЛДІ

293

0

Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес, деструктивтік діни ағымдардың алдын алу мақсатында Қызылорда қаласына қарасты елді-мекен тұрғындарымен ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізілуде. 
Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Махамбетов ауылындағы мәдениет үйінде елді-мекен тұрғындарымен кездесу өтті. Жұртшылықпен жүздескен орталық директорының орынбасары Аралбек Боранбаев, Ақпараттық түсіндірме тобының мүшелері Жеңісбек Дәрібаев, Назира Аймаханова, Сәкен және «Айтбай» мешітінің бас имамы Нұржан Керімбеков дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды баяндап, жат ағымның қоғамға қауіптілігін көпшілікке түсіндірді. Мұнан соң кездесу ауыл әкімдігінде де жалғасты. Шаруашылық ұжымдары, ауылдық қоғамдық кеңес мүшелері, ардагерлер шара қонақтарымен бірге ауыл тұрғындарын, оның ішінде жастары деструктивтік діни ағымдардың теріс идеологияларынан сақтау жолдарын бірге қарастырып, мамандар кеңесіне жүгінді. 
Ақпараттық топ бұдан әрі шараны ауылдағы мешіт пен мектепте жалғастырып, жастар мен жасөспірімдерге жат ағымның зиянды ықпалын түсіндіріп, теріс идеологияларынан сақтануға шақырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<