Аудан әкімі жаңадан салынып жатқан тұрғын үйлердің жайымен танысты

318

0

Фото: Шиелі ауданы

Кеше аудан әкімі Айтбай Жандарбеков орынбасаларымен және құрылыс, сәулет және құрылысы бөлімі басшысы, кент әкімімен бірге жаңадан бой көтеріп жатқан 123 үйдің құрылысымен танысты.

Аралау барысында аудан әкімі мердігер мекеме өкілдеріне тұрғын үйлердің сапасына, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға баса назар аудару керектігін айтып, кем-кетіктерді түзетуді тапсырды. Сондай-ақ, жауапты орынбасарлары мен бөлім басшысына тұрғын үйлердің ауласын ретке келтіруді міндеттеп, құрылыс жұмыстарының мерзімінді аяқталуына бақылау жасау керектігін айтты.

Айта кетейік, тұрғын үй құрылыс жұмыстары қазір Шұғыла, Ақ орда, Көкшоқы мөлтек аудандарында жүргізілуде.

Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<