Қазақстанда АИ-92 маркалы бензин бағасы арзандады

238

0

Қазақстанда АИ-92 маркалы бензиннің бағасы арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚазМұнайГаз Өнімдерінің» баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
«12 сәуірден бастап «ҚазМұнайГаз» ЖМҚС желісінде АИ-92  маркалы бензиннің бағасы көктемгі кезеңде 4 теңгеге арзандап, литрі 159 теңгені құрайтын болады», – делінген хабарламада.
Айта кетсек, «ҚазМұнайГаз» ЖМҚС бөлшек сауда желісі 340-тан астам жанар-жағар май құю станцияларын қамтиды, олар қалаларда, республикалық маңыздағы негізгі тас жолдарда, сондай-ақ Қазақстаннның шалғай ауылдық аудандарында орналасқан.  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<