Қазақстанда мамыр мерекесіне орай қосымша пойыздар шығады

312

0

Халықтың сұранысын қанағаттандыру мақсатында мамыр айындағы мерекелерге орай қосымша пойыздар шығарылады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келесі бағыттар бойынша пойыздар қосылады:

Астана-1-Павлодар. Астанадан 2018 жылдың 5 және 8 мамырында шығады, ал Павлодардан 2018 жылдың 6 және 9 мамырында шығады, 2 рейс;

Қарағанды-Жезқазған. Қарағандыдан 2018 жылдың 5 және 9 мамырында шығады, Жезқазғаннан Астанаға 2018 жылдың 6 және 10 мамырында шығады, 2 рейс.

Сонымен қатар, жолаушылар тасымалына сұраныс жоғары келесі бағыттарға да пойыздар қосылады:

Алматы-2-Шымкент. Алматыдан 2018 жылдың 2 мамырынан бастап жұп күндері шығады, ал Шымкенттен 2018 жылдың 3 мамырынан бастап тақ күндері шығады;

Астана-1-Шымкент. Астанадан 2018 жылдың 2 мамырынан бастап жұп күндері, Шымкенттен 2018 жылдың 3 мамырынан бастап тақ күндері шығады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<