Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады

322

0

Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады «Қазгидромет» РМК 12 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек елдің  батысында, солтүстігінде және шығысында атмосфералық ауа ағындардыңы өтуіне байланысты жауын-шашын жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі.

Ақмола, Маңғыстау, Атырау, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл, Қызылорда,  түнде Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман көктайғақ,  15-20 м/с  жылдамдықпен жел соғады.

Түнде Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде түнде 5 градусқа дейін үсік жүреді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<