\»Барыс\» команда капитанымен қош айтысты

317

0

Барыс» хоккей клубы өзінің Instagram парақшасында команда капитаны Найджел Доуспен қош айтысты, –  деп жазады «SPORTINFORM» САА.
«Саған осыған дейін жасаған барлық жақсылықтарың үшін рахмет, капитан! Сенің ойыныңда көрудің өзі абырой. Сен ойын үстінде де одан тыс кезде де өз ісіңнің маманысың. Кубог жолындағы еңбектеріңе жеміс тілейміз!», – делінген хабарламада. Айта кетейік, ҚХЛ-ның 2017/18 маусымдағы тұрақты чемпионатында Доус 46 ойында 55 ұпай жинап, үздік мерген атанды. Осыған дейін Ғалым Бамбеталиев бастаған Қазақстанның ұлттық хоккей құрамасының бапкерлер штабы Найджел Доустың ӘЧ ұлттық құрама сапында «А» тобындағы бірінші дивизионында енді өнер көрсетпейтінін айтты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<