
Солтүстік Қазақстан облысында, түнде Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Қызылорда, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерінде тұман болады, Павлодар облысында, күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан, облысында, күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, найзағай болып, жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде түнде найзағай жарқылдайды, Атырау облысында тұман күтіледі. Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман болып, желдің 18-23 м/с-ге күшеюі күтіледі.