Бүгін – Дүниежүзілік сайлау күні

289

0

Фото: Облыстық сайлау комиссиясы

Бүгін Дүниежүзілік сайлау күніне орай Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясы саяси партия өкілдерімен және ардагерлермен кездесу өткізді.

Басты мақсат – партия арасындағы ынтымақтастықты арттыру, сайлаушылардың саяси мәдениетін қалыптастыру шаралары және ортақ өзекті мәселелерді талқылау.

Басқосуда 6 партияның Қызылорда облысы бойынша филиал төрағалары және өкілдері қатысып, ашық пікірлесті. Сондай-ақ, ұзақ жыл сайлау үдерісіне қызмет еткен ардагерлер шақырылды.

Төраға Әділбек Ерсұлтанов бұл күннің айтулы күнге енуі 2005 жылғы 1 қыркүйекте Будапештте өткен сайлауды ұйымдастырушылардың жалпы конференциясы аясында бекігенін тілге тиек етті.

– Бүгін міне, Өздеріңізбен де кездесе отырып, мақсат-міндеттерімізді талқылап, көкейде жүрген ойларыңызды тыңдау үшін арнайы шақырдық. Мемлекетте әділ әрі ашық сайлау жүйесін құру – Президенттің басты реформаларының бірі. Елімізде отандық сайлау жүйесі демократияландыру үрдісімен дамып келеді. 2023 жылы Сенат, Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы өтіп, Парламенттің құзыреті күшейіп, депутаттардың рөлі артты. Мәжіліске баратын депутаттардың 70 пайызы – партиялық тізіммен, 30 пайызы бірмандатты аумақтық округтер бойынша сайланды. Бұрынғыдай емес, партиялардың Парламентке өтуі үшін 5 пайыз дауыс жинауы жеткілікті болды. Нәтижесінде, жаңа деңгейде жұмыс істейтін саяси партиялар құрылып, өзара бәсекелестік дамуға жетеледі. Біз әрдайым ашық әрі жариялы сайлау өткізуге мүдделіміз. Өздеріңізден пікірлеріңіз бен ұсыныстар тыңдауға дайынбыз, – деді Ә.Ерсұлтанов.

Жиын барысында партия өкілдерінің көкейде жүрген сауалдары ашық талқыланды. Еркін пікіралмасу өрбіп, ұсыныс-пікірлер айтылды.

Айта кетейік, Дүниежүзілік сайлау күніне орай аймақта түрлі басқосулар мен ашық есік күндері, оқушылар, студенттермен еркін форматта кездесулер өткізілуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<