Екі күнде 521 құқық бұзу дерегі тіркелді

392

0

Қызылорда облысында «Қауіпсіз жол» айлығының екі күнінде 521 құқық бұзушылық тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз, хабарлама жібермей кәсіпкерлік және өзге де қызметпен айналысудың – 3, медициналық қарап-тексеруден өтпеудің – 2, заңсыз қайта жабдықтаудың – 16, міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген – 57, ұялы телефонмен сөйлесудің – 26, жүргізушінің көлік құралын мас күйінде басқарудың – 5, қауіпсіздік белдігін тақпаудың – 108, жаяу жүргіншіге жол бермеудің – 18, құжатсыз автокөлік басқару бойынша – 34, жаяу жүргіншілер жолағынан өтпеудің – 30, маневр жасау ережесін бұзудың 43 дерегі анықталды», – деп жазды аймақтағы полиция департаментінен.

«Қауіпсіз жол» айлығы 17 тамызға дейін жалғасады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<